Шымкентте өткен Универсиада-2017 алау эстафетасы

914 1

28 қантар күні Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғындары бүкіләлемдік қысқы 28-ші Универсиада алауы эстафетасын қабылдады. Алауды жағу рәсімі  сағат 10-да Оңтүстік Қазақстан облыстық орыс драма театрының алдында өтті. Универсиада алауын облыс әкімі Ж.Түймебаев жағып, біршама жер алып жүрген соң Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, «Құрмет» орденінің иегері Әлия Юсуповаға табыстады.  Келесі алауды алып жүру құрметі Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академия ректорына Бахытжан Дерібсәліұлы Сексенбаевқа көрсетілді.

914 2

Жалпы, Универсиада алауын әлемге белгілі спортшыларымыз бен 12 жоғарғы оқу орнының, соның ішінде, студенттерінен құралған 60 алаугер алып жүрді. Біздің студенттері, оқытушылары мен қызметкерлерімен бірдей соншама орасан зор оқиғаға тікелей қатысты. Академия атынан Шамиев Магжан,  Торакулов Азизбек, Абдурахманов Тахиржан деген студенттерге және морфологиялық және физиологиялық пәндер, валеологиясымен кафедрасының оқытушысы  Орынбасар Аширбаевқа алауды алып жүрді. Эстафетаны тамашалауға 6 мыңға жуық адам жиналды.

914 3

XXVIII бүкіләлемдік қысқы студенттік ойындар 2017 жылдың 29 қаңтары мен 8 ақпаны аралығында Алматы қаласында өтеді.  Аталған жарысқа 50 елден 5000-нан астам студенттер қатысады. Универсиада аясында Қазақстанда спорттың 13 түрінен (8 міндетті және 5 қосымша) жарыстар жоспарланған.

914 4

914 5

914 6

914 7

06.02.2017, 02:46
376 қаралым