Шымкент қаласындағы "Көмек" дағдарыс орталығында өткізілген Жаңа жылдық мереке
2022 жылдың 29 желтоқсанында "Жедел медициналық көмек және мейіргер ісі" кафедрасы "Мейіргер ісі" білім беру бағдарламасының 1 жыл магистранттарымен бірлесіп Шымкент қаласындағы "Көмек" дағдарыс орталығында жаңа жылдық іс шара өткізді.
Жаңа жылдық мерекенің жүргізушілері, Аяз Ата мен Ақшақар магистранттардың өздері болды, олардың күшімен концерт ұйымдастырылды. Жаңа жыл - қай жерде болса да, балалар үшін ең қуанышты және сүйікті мереке. Балалар осы мерекені көп күтті және дайындалды, аналар оларды жаңа жылдық киімдерге киіндірді. Магистранттар жаңа жылдық ойындар ұйымдастырды, балалар өлең айтты, би биледі, ертегі кейіпкерлерімен биледі. Балалар Аяз атадан сыйлықтар, оң көзқарас пен қарым-қатынас қуанышын алды.
"Мейіргер ісі" білім беру бағдарламасының медицина ғылымдарының магистрін дайындауда клиникалық құзыреттілік қана емес, сонымен қатар эмпатия, эстетикалық дағдылар, мейірімділік қалыптастыру маңызды. Кафедра меңгерушісі А.А.Сейдахметова келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, балалар үшін осындай іс-шараларды өткізудің маңыздылығын атап өтті.
Магистранттар аналар мен балаларға көптеген жылы лебіздерін білдірді. Іс-шара соңында балалардың аналары мен әжелері ұйымдастырылған іс-шара үшін алғыс айтты.