Шымкент марафон 2021

2021 жылдың 10 қазан күні ОҚМА белсенді студенттері мен еріктілері жалпықалалық марафонға қатысты. 4-ші рет Шымкент қаласында өтіп жатқан аталған шараға «Болашақ» АЖО ұйымы ұйымдастыру жұмыстарына белсене ат салысты. Спорттық іс-шараға қала әкімі М.Әйтенов, кәсіби спортшылар және қала тұрғындары қатысты. Шымкент Республикалық маңызы бар және сертификатталған трассасы бар Қазақстанның үшінші қаласы. Марафонды ұйымдастыруға ОҚМА-дан 60 ерікті-студент қатысты. Бәйдібек би данғылы бойымен Тулеметова көшесіне дейінгі алғашқы қашықтыққа әр түрлі жастағы мыңнан астам адам қатысты.
Қала әкімі қала тұрғындарына дәстүрлі марофонға белсенді қатысқаны және халықаралық спортты дамытуға қосқан үлесі үшін алғысын білдірдi.

11.10.2021, 17:10
441 қаралым