Шымкент қаласы, Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында, академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Башқортстан Мемлекеттік медициналық университетінің профессоры Г.М.Хасанова келді

БММУ-ның жұқпалы аурулар және ИДПО кафедрасының м.ғ.д. профессоры Г.М.Хасанова 28.06.-01.07.2018 ж. аралығында ОҚМА-ның жұқпалы аурулар және дерматовенерология кафедрасымен танысты.

1189 1 2

Жұқпалы аурулар және дерматовенерология кафедрасымен кездесу барысында профессор Г.М. Хасанова–резидентурада «Жұқпалы аурулар, оның ішінде балалар жұқпалы аурулар» мамандығына және кафедраның клиникалық базасында дәрігерлік тәжірибелі конференциясында өзекті мәселелерді қозғайтын «Энтеровирусные инфекции» тақырыбы бойынша, интерактивті лекция оқып, берілген сұрақтарға жауап берді. Ауруханадағы кешенді инфекциялық науқастарға кеңес берді.

1189 1 1

Шымкент қаласында академиялық ұтқырлық бағдарламасы кезінде профессор Г.М. Хасанова тәжірибе алмасу барысында жұқпалы аурулар және дерматовенерология кафедрасының методикалық семинарында SBL, TBL, e-learning, Case-study және басқа интерактивті әдістерді қолдануымен кафедраның ПОҚ бөлісті, және өзекті мәселелерді қозғайтын тақырыптар бойынша келешекте бірлескен мақалалар жариялау жөнінде талқылады.

1189 2

29-30.06.2018ж. өткен «Онтүстік Қазақстан аймақтарының өзекті инфекциялары» атты Халықаралық ғылыми–тәжірибелік конференциясында профессор Г.М. Хасанова пленарлық мәжілісінде модератор болды және ауызша баяндама жасады.

1189 3

1189 4

1189 5

10.07.2018, 04:31
351 қаралым