«ШҰҒЫЛ ЖАҒДАЙЛАР» КОНКУРСЫ

2022 ж. 15 сәуірінде «Жедел медициналық көмек және мейіргер ісі» кафедрасы тәжірибелік дағдылар орталығында «Жалпы медицина» білім беру бағдарламасының 5 курс студенттері арасында жыл сайынғы «Шұғыл жағдайлар» конкурсын ұйымдастырды.
Байқаудың мақсаты жеңімпаздарды анықтау ғана емес, сонымен қатар жаңа манекендер мен муляждарда жұмыс істеу кезінде жүрек-өкпе реанимациясы бойынша студенттердің тәжірибелік дағдыларын жақсарту, олардың қызығушылығын арттыру және осы дағдыларды автоматизмге жеткізу болып табылады. Биыл байқауға қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде білім алатын топ студенттері қатысты.

Байқауға ректор М.М.Рысбеков, проректор М.У. Анартаева, ББК төрайымы Г.Н.Досыбаева, клиникалық және теориялық кафедралардың қызметкерлері қатысты. Конкурсты ұйымдастыруға кафедраның профессор-оқытушылар құрамы, резиденттер, студенттер белсенді қатысты: 502 Б топ – «103», 502 А – «Гиппократ», 517 А – «Шекарасыз дәрігерлер», 515 Б – «Малибу құтқарушылары», 513 Б – «SVT суправентрикулярлық тахикардия».
Іс-шараны кафедра меңгерушісі А.А.Сейдахметова құттықтау сөзімен ашып, студенттерге байқауда жеңіс тіледі. Қатысушылар конкурс ережелерімен таныстырылды: американдық кардиологтар Қауымдастығы ұсынған жаңа стандарттар бойынша кеңейтілген жүрек-өкпе реанимациясы бойынша тәжірибелік дағдыларын көрсету. Әр командада 5 қатысушы бар, командалық жұмыс бағаланады.

Байқаудың қазылар алқасы: «Жедел медициналық көмек және мейіргер ісі» кафедрасының профессоры Алдешев А.А., кафедра меңгерушісі Сейдахметова А.А., тәжірибелік дағдылар басшысы Алимбеков М.Е.

Байқау нәтижелері келесідей болды:
І дәрежелі дипломымен және естелік сыйлықтармен «Суправентрикулярная тахикардия» командасы марапатталды: Абдуллаева Наргиза, Айымбетова Аяулым, Ирисбаев Бауржан, Мирзатиллаев Хамидулла, Назаров Дмитрий, Пайзулла Бибігүл.
II дәрежелі дипломымен және естелік сыйлықтармен – «Малибу құтқарушылары»: Әзімханұлы Шыңғысхан, Маханов Темірғали, Сабыров Әлімхан, Мырзабай Сымбат, Смайыл Ақмарал, Мавлянова Ширин.
III дәрежелі дипломымен және естелік сыйлықтармен – «103»: Нұрмурадова Лаура, Амантай Надира, Сұлтан Шыңғысхан, Камбилова Раушан, Ибадулла Ердос, Әлтай Абылай.
4 орын – «Гиппократ»: Абдуллаев Әкімбек, Аманов Оңғарбек, Ескермес Балжан, Айнабекова Еркежан, Богдан Айдана, Убайдуллаева Фарангиз.
5 орын – «Шекарасыз дәрігерлер»: Ядав Санжай, Двиведи Аюши, Кумари Винеш, Кумар Раджеш, Кумари Риту, Тукран Рахул.
Байқау өте қызықты және танымды өтті. Кері байланыс барысында студенттер кафедра оқытушыларына байқауды ұйымдастырғандары үшін алғыстарын білдірді.

18.04.2022, 17:37
595 қаралым