Үштілділік аясында ашық дәріс
Көптілділікті оқып-үйрену өзектілігі Қазақ халқының Президенті Н. А. Назарбаевтың жыл сайынғы жолдауында белгіленіп өтеді. Шет елдің тілін білу еңбек нарығында әр адамның жеке басының жұмысқа қабілеттілігін арттыру үшін қажет. Қазақ, орыс, ағылшын тілінен білімді болуы жастарға әлемдік, ғылыми, жаңа жетістіктерге жетудің кілті болып табылады.
Осы мақсатпен «Фармация ісін ұйымдастыру және басқару» кафедрасында 2018ж. 11-сәуірде «Медициналық және фармацевтикалық тауартану» пәнінен «Көзілдіріктік оптика» тақырыбында ашық дәріс өтілді. Дәрісті кафедраның үздік лекторлары: профессор О.В. Блинова, доцент м.а. Ж.К. Шимирова, аға оқытушы С.А.Уразбаева қазақ, орыс, ағылшын тілінде оқытылатын студенттер топтарына оқыды.
Дәріс студенттік аудиторияға және қатысушы комиссияларға кең қызығушылық тудырды. Сонымен қатар оқытылатын оқу және көрнекілік құралдардың сапасына оң баға беріліп, лекторлардың педагогикалық шеберлігі мен біліктілігі қатар таңдалған әдістің өзектілігі және маңыздылығы дәрістің практикалық тәжірибе бағыттылығы атап өтілді. Дәріс барысында оқытушылық бейнероликтер қолданылды. Студенттермен дәріс тақырып бойынша кері байланыс үш тілде виториналық сұрақтар қойылу жолымен іске асырылды. Қорытынды кезінде алынған білімдерін және көптілділікті пайдалана отырып, оптикаға келген тұтынушыларға үш тілде фармацевтикалық кеңес беруі баяндалған 3 курс студенттерінің өзіндік жұмысы шеңберінде түсірілген бейнеролик көрсетілді.