Шетелдің университетінде оқу мүмкіндігі
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясының академиялық ұтқырлығы қарқынды дамып келе жатыр.
Ағымдағы оқу жылында ОҚМФА студенттері Польша елінің солтүстігінде орналасқан Гданьск медициналық университетіне оқуға кетті. 4 курс "Фармация" мамандығы бойынша 11 студент Гданьск қаласында 2016 жылдың 20 қыркүйек - 28 желтоқсан академиялық кезең ішінде оқыды.
Оқу кезінде студенттер болашақ кәсіби қызметінде қажет болатын жаңа білім, дағдылары мен тәжірибе алды. Польша ЖОО-ның профессорларымен қатар Швециядан шақырылған ғалымдар да дәріс оқыды.
Оқу барысында біздің студенттер еліміздің тарихымен кеңінен бөлісті, поляк студенттері еліміздің мәдениеті мен салт-дәстүрі, академия туралы көптеген мәлімет алды.
Оқу кезеңінде біздің ЖОО арасындағы стратегиялық серіктестік аясында Гданьск медициналық университетіне 2016 жылдың 4-6 қараша күндер аралығында академияның ректоры, профессор Б.Д.Сексенбаев іс сапарымен барып келді.
Студенттер академия басшылығына оқыту шекарасын кеңейтетін академиялық ұтқырлық мүмкіндігі үшін алғыстарын білдіреді.