Шетел студенттерімен жиналыс
2017 жылдың 19 қазан күні ОҚМФА-ның үлкен мәжіліс залында Оңтүстік Қазақстан Облысы Ішкі істер департаменті Көші-Қон полиция басқармасының маманы, аға инспекторы полиция майоры – Мырзалиев Жәнібек Бекетұлын шақырып, академияның медициналық және фармацевтикалық факультеттерінде оқитын шетел студенттерімен «Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларын» және «Қазақстан Республикасының азаматтығын алу тәртібін» түсіндіру мақсатында кездесу жиналысы өткізілді. Жиналысқа факультеттер декандары және шетел студенттерімен жұмыс бойынша маман, Академияда оқитын Үндістан, Түркменстан, Қырғызстан, Өзбекстан елдерінен келген шетел студенттері қатысты.
23.10.2017,
02:43
384 қаралым