Шетел мамандарын оқытушылық қызметке шақыру бойынша ҚР БҒМ бағдарламасы
Шетел мамандарын оқытушылық қызметке шақыру бойынша Білім және ғылым министрлігінің бағдарламасы шеңберінде Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында масс-спектрометриялы анықтаумен жоғары-сұйық тиімді хроматография бойынша ресейлік маман Татьяна Александровна Родинаның мазмұнды бағдарламасы аяқталуда.
Татьяна Александровна бір ай аралығында бакалавр мен магистранттарға дәріс оқыды, профессор-оқытушылар құрамына және зертханалардың ғылыми қызметкерлеріне арналған бірнеше тренингтер өткізді, Қазақстан Републикасының Тұңғыш Президенті Қоры – Ұлт Көшбасшысы қолдауымен «Биология, медицина және фармацияның даму перспективалары» атты жас ғалымдар мен студенттердің халықаралық ғылыми конференциясына қатысты.
Академия ректоры, профессор М.Рысбековпен кездесуде профессорлық-оқытушылар құрамы атынан Татьяна Александровнаға ынтымақтастық үшін алғысын білдіріп, одан әрі ынтымақтастықты дамыту жоспарлары, PhD докторанттарға кеңес беру және бірлесіп жетекшілік ету сұрақтары талқыланды.