«Shakhmardan Yessenov Foundation» ғылыми-білім беру Қорының стипендиаты АРАЛБАЙ АРАЙЛЫМ ӘБСАТТАРҚЫЗЫ!

1685 1

Қазақстанның барлық жоғарғы оқу орындары арасында Республикалық деңгейде ұйымдастырылған Академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми білім беру қоры 2021 жылдың 25 қаңтары мен 03 cәуір аралығында жалпы құны 216 000 (екі жүз он алты мың) теңге көлеміндегі әрбір шәкіртақы алушыға әр ай сайын 27 000 теңгеден тұратын 17 студентік шәкіртақы байқауын жариялады. Сол байқауда біздің академияның «медицина» факультетінің 5 курс студенті Аралбай Арайлым Әбсаттарқызы жеңімпаздар қатарынан табылып, ғылыми-білім беру Қорының степендиясын ұтып алды.

Байқауға қатысу үшін шәкіртақы үміткеріне қойылатын талаптар: 1 курстан қазіргі оқу жылына дейінгі оқу үлгерімінің (GPA балл) жоғары болуы, студенттің ғылыми конференцияларға белсенді түрде қатысып дипломдар мен сертификаттар иегері болуы, өзінің ғылыми жұмыстары мен жарияланымдарының болуы, университеттің, академияның және институттың қоғамдық өміріне белсенді түрде қатысуы тиіс.

Шын жүректен біздің академиямыздың оқудағы үздік әрі белсенді студенті АРАЛБАЙ АРАЙЛЫМ ӘБСАТТАРҚЫЗЫН құтықтаймыз!!!

16.04.2021, 10:09
453 қаралым