Шаймерденова Р.Ә. «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» мерекелік медалімен марапатталды
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев 2020 жылғы 20 тамызда қазақстандықтарды Конституцияның 25 жылдығына арналған мерекелік медальмен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды.
Бұл күндері Мемлекеттік органдардың, білім беру, мәдениет, спорт, бизнес-қоғамдастықтың, Шымкент экономикасының барлық салаларының 300-ден астам өкілі жоғары марапатқа ие болып отыр. Бұл тізімде КСРО және Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, ЮКМА ғылыми журналының редакторы Райхан Әнуарбекқызы Шаймерденова да бар.
Бұл туралы 2020 жылдың 7 қыркүйегінде он-лайн форматында өткен ректорат отырысында ЖОО-ның бірінші басшысы Мырзабек Мырзашұлы Рысбеков мәлімдеді. Ол Р.Ә. Шаймерденованың мақалалары, очерктері, ақпараттары - республикалық, облыстық және қалалық газеттердің беттерінде, теледидар мен радиода, интернет-ресурстарда, әлеуметтік желілерде, Астана экономикалық форумының «G-global» ақпараттық-коммуникативтік алаңында үн қосатынын ерекше атап өтті.
Шаймерденова Р.Ә. азаматтық ұстанымымен, кәсібилігімен және авторлық стилімен ерекшеленеді. Университет ректоры журналистің жұмысына табыс, денсаулық және бақ-береке тіледі.
М.М.Рысбековтың өтініші бойынша Р.Ә.Шаймерденованың мерейтойлық медалін жоғары оқу орнының әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасының бастығы Ербол Қалтырсынұлы Сәлім табыс етті. Ол сондай-ақ шығармашылық табыс тілеп, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы Академия имиджін құрудағы рөл журналистерге берілетінін атап өтті.
