Шетелдік әріптестің академиялық ұтқырлығы

10.06.2024-21.06.2024 аралығында ОҚМА фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасы Сеченов университетінің фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасының аға оқытушысы, фарм.ғ.к. Евгений Александрович Турецкийді қабылдады.

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Евгений Александрович «Фармациядағы эксперименттік мәліметтердің статистикалық талдауы», «фармакодинамикалық зерттеулердегі In silico әдістері», «Заманауи биоаналитикалық орталықтағы сапаны басқару», «CХ-МС/MС және ГХ-MС үшін аналитикалық жұмыс процесі» және басқалары сияқты тақырыптарда дәрістер топтамаларын өткізді.
Е.А. Турецкийдің дәрістері тыңдаушылардың қызығушылығын туындатты, олардың арасында «Фармация» мамандығының студенттері, Академияның магистранттары мен докторанттары болды. Оның дайындығының жоғары деңгейі, дәрілік заттарды стандарттау саласындағы терең білімі және күрделі мәселелерді кең аудиторияға жеткізе білуі атап өтілді.

Евгений Александрович сонымен қатар мәліметтерді статистикалық өңдеу бойынша инновациялық материалдарды пайдалану бойынша бірқатар мастер-кластар өткізді, онда жас ғалымдармен жұмыс тәжірибесімен бөлісті.

Евгений Александрович Турецкийдің сапары кафедра үшін жемісті болды. Ол біздің университеттер арасындағы ғылыми ынтымақтастықты дамытуға елеулі үлес қосты, сондай-ақ оқытушылар мен білім алушылардың біліктілігін арттыруға ықпал етті.
Кафедраның оқытушылар құрамы шетелдік әріптесіне зор алғысын білдіреді және оған кәсіби салада табыс пен өркендеу тілейді!

09.07.2024, 12:06
909 қаралым