Шетел студенттерінің ата-аналары балаларының оқу жағдайымен танысты

Оқу-тәрбие ісі де отбасы құндылықтарын жандандыратын, болашақ мамандар – білім алушылардың бойында ұлттық, адамгершілік рухани құндылықтарын тәрбиелеу, өзіндік ойлау қабілеті жоғары, білімді өз бетінше іздеуге, өз бетінше білім алуға дағдылана алатын, бәсекеге қабілетті маман қалыптастыратын үрдісі болып табылады.
«Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасында 1 курс ВМ-МШАБ-11-23 тобының студенті Аршад Тамболидің ата-анасымен кездесуі өтті. Үндістан мемлекетінің Махараштра штатынан Дилавар Салим Тамболи есімді азамат 1 курста оқитын ұлының хал жағдайын біліп танысуға келді. Дилавар Салим Тамболи мырза сонымен қатар жатақхананың тұрмыстық жағдайымен танысты, сабақ жүргізетін оқытушыларымен де тілдесіп және сабақтарына қатысты, оқу ғимаратындағы асхана бөлмесімен қамтамассыз етілгендігіне, білім алушыларға жасалып отырған жағдайға көңілінің толатындығын атап өтті. Келген қонақты «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасының меңгерушісі Ж.О.Нуржанбаева қарсы алып, әңгімелесу жүргізді. Кездесу барысында кафедра меңгерушісі білім ордасында жемқорлықтың жоқтығын, таза сапалы білім мен тәрбие берілетіндігіне тоқталды.
Кафедрада білім және тәрбие беру бағытында жүргізілетін жұмыстардың басым бағыттарының бірі білім алушылардың ата-аналармен үздіксіз байланыста болуы, ашық пікір алмасуы, білім беру және тәрбиелеу сапасын арттыруда үнемі ата-аналармен үздіксіз байланысты қалыптастыруды көздейді.

08.02.2024, 12:29
457 қаралым