СЕРІКТЕС ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ТИІМДІ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ БІЛІМ БЕРУ КЕҢІСТІГІН ДАМЫТУДЫҢ ФАКТОРЫ РЕТІНДЕ

07.03. және 18.03.2022 жыл аралығында фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасында екі жоғары оқу орны арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясында Ұлттық фармацевтикалық университетінің (Харьков, Украина) фармацевтикалық химия кафедрасының доценті, фарм.ғ.к. Бевз Н.Ю. академиялық ұтқырлық бағдарламасы онлайн режимде жүзеге асырылды.

Бевз Н.Ю. сапар бағдарламасы «Фармацевтикалық химия», «Табиғи биологиялық белсенді қосылыстарды талдау», «Дәрілік заттарды зерттеу және талдаудың жалпы әдістері» пәндері бойынша «Фармация» мамандығының 3,4,5 курс студенттері мен I, II оқу жылы магистранттарына дәрістер, зертханалық сабақтар және ОБӨЖ жүргізуді, «Жоғары эффективті жұқа қабатты хроматография» тақырыбы бойынша мастер-класс өткізуді қамтыды.
Дәріс бағдарламасына ароматты, гетероциклді, стероидты қосылыстар қатарындағы дәрілік препараттардың, сондай-ақ бейорганикалық сипаттағы дәрілік заттардың сапасына бақылау жүргізудің өзекті мәселелері енгізілді.

Бевз Н.Ю. кәсіби, қолжетімді түрде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Фармакопеясы мен Еуропалық Фармакопеяның талаптарына сәйкес дәрілік заттарды идентификациялау, тазалығын талдау, сандық құрамы бойынша сапасын бақылауды дамытудың қазіргі жағдайы мен перспективаларын түсіндірді.
Студенттер қызықты және мазмұнды дәрістерде бейорганикалық дәрілік заттарды, табиғаты органикалық дәрілік препараттарды, терпеноидты, стероидты және т.б. препараттардың фармакопеялық талдау бойынша сабақтарында пайдалы ақпараттар алды.

Бевз Н.Ю. өте ақпаратты, еркін түрде «Жоғары эффективті жұқа қабатты хроматография» тақырыбында мастер-класс өткізді, онда құрал-жабдықты жұмысқа дайындау бойынша өз жұмыстарымен, стандартты үлгілермен жұмыс жасаудың тәжірибелік аспектілерін, детектрлеу тәсілдері мен сапалық, сандық талдау әдістерімен бөлісті.

Академия басшылығы, кафедра ұжымы және білім алушылар Бевз Наталья Юрьевнаға тәжірибе алмасу бойынша жемісті жұмысына, кәсібилігіне, өз білімдерімен бөлісуге дайындығына үлкен алғыс білдіреді және фармацевтикалық білім мен ғылым саласындағы одан әрі ынтымақтастыққа үміттенеді. Зор денсаулық, кәсіби табыс пен өркендеу, сондай-ақ бейбітшілік пен тыныштық тілейміз!

28.03.2022, 11:34
490 қаралым