Сергектік және денсаулық

«Оңтүстік Қазақстан медицина акдемиясы» АҚ жанындағы медицина колледж білім алушыларының денсаулығын нығайту және өскелең ұрпақты отан сүйгіштік рухта тәрбиелеу, спорттық шеберлігін көтеру және салауатты өмір салтын қалыптастыру, спортты кеңінен насихаттау мақсатында 2022 жылдың 13 қазан күні «Жалпы білім беретін пәндер» кафедрасының ұйымдастыруымен «Сергектік және денсаулық» дәстүрлі спартакиадасы аясында шағын футбол жарысы өткізілді. Жарысқа 12 командадан құралған колледж білім алушылары қатысты.

Білім алушылар жарысқа жоғары дайындықпен, белсенділікпен келгендері ойын барысында байқалды. Жарыс әрі қиын, әрі қызық, өте тартымды өтті. Жақсы, белсенді қатысқаны үшін бірінші орынды С-ЕІҚ-11.01-21 тобынан құралған команда иеленді. Екінші орынды С-СтДҚ-9.01-20 топ, үшінші орын С-СтДҚ-11.01-21 тобының командасының қанжығасына байланды. Жарыста жақсы белсенді қатысқан үшін мақтау қағаздары мен марапатталып сыйлықтар табысталды.

Жүлделі орын алған командаларды марапаттау барысында «Оңтүстік Қазақстан медицина акдемиясы» АҚ жанындағы медицина колледжінің директоры А.М. Кушкарова, «Жалпы білім беретін пәндер» кафедрасының меңгерушісі А.Т. Сатаев қатысып, жарысқа қатысқан командаларды марапаттады.

17.10.2022, 17:39
343 қаралым