Семинар-тренинг «Как находить журналы с импакт - фактором для публикации статей», «Оформление статей для публикации с EndNot Online»

2015 жылдың 4 желтоқсанында кітапханалық-ақпараттық орталығы мен «Ұлттық ғылыми-техникалық орталығы» АҚ бірлесе отырып, ОҚМФА мәжіліс залында «Как находить журналы с импакт - фактором для публикации статей», «Оформление статей для публикации с EndNot Online» тақырыбында семинар – тренинг  болып өтті.   Семинарды Thomson Reuters компаниясыныңэлектрондық ақпараттық- ғылыми зерттеу ресурстарының маманы -  Дарья Бухтоярова жүргізді.

654 1

Семинар мақсаты: пән санаты бойынша импакт-факторы бар журналдардардыдұрыс таңдай білу, осы салада болашағы бар пән аясын жасауды анықтау;  зерттеулерлермен  айналысатын ең беделді халықаралық әріптестерді табу; басылымдарға мақала дайындау, авторларды EndNote пен таныстыру. EndNote модулі мақаланы дайындауға өте қажет, соның ішінде Web of Science – дағы барлық журналдардың талаптарына сәйкес сілтемелер мен әдебиеттер тізімдерін жылдам ресімдеу үздік құралы болып табылады. Семинар алдыңғы қатарлы халықаралық рейтингілік журналдарда ғылыми мақалаларды жариялауға қызығушылық танытқан ғалымдар, оқытушылар, магистранттарға көмек болды. Академия кафедраларынан 142 оқытушы қатысып, соңында сертификаттар берілді.

05.12.2015, 04:09
497 қаралым