Шекарасыз клиникалық ойлау: көптілділік болашақ дәрігерлерге қалай көмектеседі

«Жалпы дәрігерлік тәжірибе» білім беру бағдарламасы бойынша 6-курс студенттеріне арналған ІЖТДҚ-07-24 тобында «ЖТД-дегі неврология» пәні бойынша PBL (Problem-Based Learning) әдісін қолдану арқылы сабақ өтті. Сабақтың тақырыбы — Паркинсон және Альцгеймер ауруларын қоса алғанда, нейродегенеративті аурулар болды.
Сабақтың ерекшелігі — көптілді форматта өтуі. Клиникалық жағдайларды талқылауда қазақ, орыс және ағылшын тілдері белсенді қолданылды. Студенттер клиникалық жағдайларды талдап, ажыратпалы диагностика жүргізіп, науқастарды емдеу мен күтім жасаудың заманауи әдістерін ұсынды.
Сабақты жүргізген медицина ғылымдарының кандидаты, доцент м.а. Мустапаева Г.А. бұл сабақтың клиникалық ойлауды дамытып қана қоймай, тілдік құзыреттілікті нығайтуға да көмектескенін атап өтті. Топішілік талқылаулар қазақ тілінде өтіп, оқытушыға сұрақтар орыс тілінде қойылды, ал негізгі терминдер мен қорытындылар ағылшын тілінде айтылды.
Сабаққа сонымен қатар доценттер Еркебаева С.К. мен Полукчи Т.В., ассистент Төлебаева Г.Е. қатысты. «Мұндай сабақтар болашақ дәрігерлерге үш тілде кәсіби терминологияны еркін меңгеруге көмектеседі, бұл қазіргі заманғы медициналық тәжірибеде аса маңызды», — деп атап өтті кафедра оқытушылары.
Сабақ нәтижелері студенттердің теориялық білімдерін практикада қолдануға дайын екендігін көрсетті. Алдағы уақытта аурулардың патогенезіне және емдеудің жаңа әдістеріне көбірек көңіл бөлу, сондай-ақ ағылшын тіліндегі медициналық 

16.10.2024, 16:37
204 қаралым