Санжар Асфендияровтың 135 жылдығына орай дөңгелек үстел

2024 жылы 29 наурызында С.Ж.Асфендияровтың 135 жылдығына орай Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасы және «Түркістан облысы мемлекеттік архиві» коммуналдық мекемесімен бірлескен дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Дөңгелек үстелдің мақсаты: көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, дарынды ғалым-тарихшы, педагог, медицина профессоры С.Ж.Асфендияровтың қызмет жолын танып білу, жастарды отансүйгіштікке және қоғам алдындағы жауапкершілікке тәрбиелеу.
Дөңгелек үстел барысында «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасының меңгерушісі Ж.О.Нұржанбаева, аға оқытушы Ә.С.Еркінбекова С.Ж.Асфендияровтың отандық ғылымға қосқан үлесіне тоқталса, «Түркістан облысы мемлекеттік архиві» коммуналдық мекемесі архив құжаттарын пайдалану және жариялау бөлімінің басшысы А.Н. Нұржанова «Алаштың асыл перзенті» тақырыбында баяндама жасап, С.Асфендияровтың өмірі мен қызметіне қатысты мұрағаттық құнды құжаттармен таныстырды.
Дөңгелек үстелге медицина және фармация факультеті бойынша 1,2 курс білім алушылары белсенді қатысып, Н.Ерден «С.Асфендияровтың тарихи мұралары», А.Мұсахан, Б.Алайдар «С.Асфендияров медицина майталманы» тақырыптарында мазмұнды баяндама жасады. А.Маликова, А.Паша, Ж.Бекжанова, Қ.Басымбек, Ж.Бекжанова күй тартып өнер көрсетті.
Дөңгелек үстел соңында «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасының меңгерушісі Ж.О.Нұржанбаева қорытынды жасап, архив қызметкерлеріне әріптестіктің жалғасатындығына рақмет айта отырып және білім алушыларға белсенділігі, өнерлері үшін алғыс білдірді.

03.04.2024, 10:28
176 қаралым