«Саналы ұрпақ -жемқорлыққа қарсы» атты дөңгелек үстел

2024 жылдың 30 сәуірінде “Заң” және «Парасат» үйірме студенттері, кафедра оқытушылары және Әл-Фараби аудандық ИБжІС аға инспекторы, полиция майоры Юсупов Хабибулла Ибайдуллаевичтің қатысуларымен «Саналы ұрпақ -жемқорлыққа қарсы» атты тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараның мақсаты: жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және құқықтық сауаттылықтарын арттыру. Дөңгелек үстелді «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы, модератор: Маликов Мухтар Маратұлы жүргізді. Дөңгелек үстел барысында сыбайлас жемқорлық қоғамның, мемлекеттің және жекелеген азаматтардың мүдделеріне орасан зор, кейде орны толмас зиян келтіретіні атап өтілді. Білім алушылар тұлғаның жалпыадамзаттық мәдениетіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы этика, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес техникасы, бюрократия және сыбайлас жемқорлық проблемалары туралы баяндамалар жасады, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың шетелдік тәжірибесін атап өтті. Дөңгелек үстелдің барлық қатысушылары қорытындылай келе, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің тиімділігіне қоғамның барлық демократиялық институттарының бірлескен, жүйелі қызметі арқылы қол жеткізуге болатынына назар аударды.

03.05.2024, 12:52
340 қаралым