«Саналы түрде ата-ана болу» атты іс шарасы

2024 жылдың 4 қыркүйек күні ОҚМА үлкен мәжіліс залында Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасының ұйымдастырумен «Саналы түрде ата- ана болу» атты салтанатты іс-шарасы өтті. Аталмыш іс шараға Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер кафедрасының меңгерушісі Ж.О.Нуржанбаева мен аға оқытушылар А.Ж.Ибраимова, А.А.Мырзазия және 2-курс ,BM-СҚАБ-02-23 тобының студенттері белсенді түрде қатысты.
Саналы ата-ана болу дегеніміз – бұл баланың дүниеге келуінен бастап оның дамуына дейінгі әрбір қадамды ой елегінен өткізіп, саналы түрде ата-аналық міндеттерді атқару. Мұндай ата-ана баласының денсаулығына, біліміне, тәртібіне және болашағына байланысты барлық шешімдерді жан-жақты ойланып қабылдайды. Бұл жолда ата-ана өз баласының жеке ерекшеліктерін ескеріп, оған қолдау көрсетіп, мейіріммен қарайды. Саналы түрде ата-ана болу – үлкен жауапкершілікті талап ететін іс. Ата-ана өз баласының дамуы үшін барлық мүмкіндіктерді жасайды, оның физикалық және эмоционалдық жағдайына көңіл бөледі. Бұл тек баланың дамуы үшін ғана емес, сонымен қатар ата-ананың өз дамуына да үлес қосады. Өйткені, саналы ата-ана болу – бұл үздіксіз оқу, тәжірибе жинау және өзін-өзі дамыту процесі. Осындай көзқараспен тәрбиеленген бала өзін-өзі сыйлайтын, қоғамға пайдалы, саналы тұлға болып қалыптасады. Сондықтан, әр ата-ана баласының өмірінде маңызды рөл атқаратындығын түсініп, осы рөлді саналы түрде атқаруы тиістігі туралы толыққанды қамтылды.

06.09.2024, 11:17
370 қаралым