САМАРКАНД МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІНДЕГІ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ
2023 жылдың 4 мамыр күні Самарканд мемлекеттік медицина университетінің фармакогнозия және фармацевтикалық технология кафедрасында академиялық ұтқырлық аясында «ОҚМА» АҚ фармакогнозия кафедрасының меңгерушісі, фармацевтикалық ғылымдарының кандидаты Орынбасарова Кулпан Кенжебаевна online форматта ашық дәріс оқыды.
Академиялық ұтқырлық бағдарламасына «Фармация» білім беру бағдарламасы бойынша 2, 3 және 5 курс студенттері үшін онлайн форматта фармакогнозия пәнінен мына тақырыптар бойынша: «Құрамында флавоноидтары және басқа да биологиялық белсенді заттарды бар дәрілік өсімдіктер: шикізат базасы, химиялық құрамы, стандарттау, фармакологиялық белсенділігі, қолданылуы және препараттары» дәріс оқытылды.
Лектор оқытудың белсенді әдістерін қолдана отырып сабақты проблемалық дәріс, пресс-конференция түрінде өткізді.
Дәріс барысында құрамында флаваноидтары бар дәрілік өсімдік шикізатының фармакогностикалық талдау әдістері талқыланды. Лектор биологиялық белсенді заттарды дәрілік өсімдік шикізатынан бөліп алу тәсілдерін, сондай-ақ органдар мен тіндерде жинақталуын, олардың өсімдік өміріндегі маңыздылығын егжей-тегжейлі баяндады.
Дәрілік өсімдіктерді медицинада қолдану аспектілеріне тоқталды.
Өз кезегінде студенттерді онтогенездің және сыртқы факторлардың ББЗ жинақталуына, сондай-ақ олардың өсімдіктер әлемінде таралуына әсері қызықтырды.
Проблемалық дәрісте студенттердің ойлауын жандандыру үшін лектор алдын ала проблемалық және ақпараттық сұрақтар құрастырды.
Проблемалық сұрақтың тиімді шешімін шешу үшін студенттерге оқу материалын мұқият қабылдау, оны жедел өңдеу және шығармашылықпен өзгерту, дәрілік өсімдік шикізатының әртүрлі биологиялық белсенді қасиеттеріне, оларды талдау әдістеріне және дәріс тақырыбына байланысты басқа да мәселелерге назар аудару қажет болды.
Осылайша, мұндай дәрістерді өткізу өзара тиімді нәтижелерге қол жеткізуге, серіктес ЖОО-мен байланысты одан әрі дамытуға және нығайтуға, фармацевтика саласы үшін жоғары білікті мамандарды даярлау саласындағы ынтымақтастықтың жаңа бағыттары мен нысандарын іздеуге ықпал етеді.