«Салауатты университет» – жарқын болашақтың кепілі!
2025 жылдың 4 сәуірінде «Салауатты университет» жобасы аясында, Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының гигиена және эпидемиология кафедрасының доцент м.а. С.У.Ескерованың жетекшілігімен, 3-курс ВМ-ПО-02-22 тобы студенттерінің қатысуымен Жандосов көшесі 22/2 мекен-жайында орналасқан №1 жатақханада іс-шара ұйымдастырылып, өткізілді.
Доцент м.а. С.У.Ескерова жатақханада кезекшілікті өткізу ғана емес, сондай-ақ студенттерге білім, мотивация және керемет көңіл-күй сыйлайтын кеш ұйымдастыруды жоспарлады.
Іс-шараға Педиатрия БББ 3-курс студентері белсенді қатысып, «Салауатты университет» тақырыбына арналған мазмұнды және интерактивті бағдарлама әзірледі, яғни 7-сәуір – «Дүниежүзілік денсаулық» күніне арналып ұйымдастырылды. Студенттерге стреске қарсы күрес, вейп шегудің зияны және энергетикалық сусындарды қолдану туралы бейнебаяндар, дайындалған презентациялар және мини-пікірталастар ұсынылды. Іс-шара барысында қатысушылар зиянды әдеттер туралы өз пікірлерімен бөлісіп, стреске қарсы күресуді және физикалық белсенділікті арттыру бойынша өздерінің жеке әдістерімен бөлісті. Студенттер тек нақты ақпарат алып қана қоймай, сонымен қатар викториналар, белсенді ойындар мен байқаулар арқылы оң эмоциялар ала отырып, оларға өздері де белсенді қатысып, сыйлықтар ұтып алды.
Қатысушыларға тек физикалық белсенділікті ғана емес, сонымен қатар когнитивті функцияларды да көрсететін ойындар ұсынылды. Орындалған жаттуғылар (тұрып-отыру, секіртпеден секіру, бір аяқпен секіру, шеңберді айналдыру, планкада тұру) барысында студенттерге медициналық тақырыптар бойынша сұрақтар қойылды, мысалы, адамның буындары, сүйектері, эндокринді бездердегі гормондар туралы. Сонымен қатар, студенттер командалық рухты көрсетуі қажет болған ойын ұсынылды: ойыншылар тобы шеңбер арқылы қолды ажыратпай өтуі керек болды. Осы ойында жеңімпаз атанған ұлдар тобы болды. Жоғарыда аталған ойындарға академиямыздың әртүрлі курс студенттері, оның ішінде медициналық колледж білім алушыларынан бастап интерндерге дейін белсенді қатысты және өздерінің тапқырлықтары мен ұтымдылықтарын көрсете білді. Ойын жеңімпаздары сыйлықтармен марапатталды.
Бұл іс-шара өте сәтті өтті – қарым-қатынасты нығайтып ғана қоймай, юмор және командалық рухты көтеріп кешті шынымен есте қаларлық етті.
«Салауатты университет» жобасы тағы да дәлелдеді: денсаулықты сақтау – ол тек құнды ғана емес, тиімді, сауықтыратын, байытатын және шабыттандыратын нәрсе!
Іс-шараның соңында қатысушылар м.а. доцент С.У. Ескерова мен 3-курс педиатрия студенттеріне креативті көзқарастары мен ынталары үшін алғыстарын білдірді! Студенттер «Салауатты университет» бастамасын қолдап, жарқын болашақтың өзімізден басталатынын қалыптастыратын ой түйіндеді!
