Салауатты өмір – жарқын болашақ
«Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы Бұрхан Е.Ж. семинар-треннингте салауатты өмір салтын насихаттап, білім алушы жастар арасында темекі тұтынуының белен алуы мен энергетикалық сусындардың адам организміне зияндылығы туралы түсіндірме жұмысын жасады. Білім алушыларға салауатты өмір салты — адамның денсаулығын сақтау мен нығайтуды қамтамасыз ететін мінез-құлқы мен ойлауы; міндеттерді орындауға байланысты міндеттерді шешу және жеке мәселелер мен сұраныстарды шешу үшін адамға қажетті өмір сүру деңгейін қамтамасыз ететін жеке әдеттер жүйесі; адамның қоршаған ортамен және сол арқылы жеткілікті және оңтайлы алмасуын қамтамасыз ететін өмір жүйесі денсаулықты қауіпсіз деңгейде ұстауға мүмкіндік беретіндігі туралы айтып жеткізді. Семинар-тренинг соңында білім алушылар өздерінің сауалдарын қойып, қажетті ақпараттарын алды.