«Салауатты өмір салтын насихаттау» жобасы бойынша - ректормен кездесу
06.03.2024 күні ЖТД-2 кафедрасының меңгерушісі Гүлжан Нұрбекқызы Досыбаева және ІЖТДҚ-04-23 тобы интерндері :
Абдразахова М.Е.
Бахтыбай У.М.
Жасұзақ Ғ.Н.
Жумабаев Т.Д.
Қожамберді А.Б.
Турлыбаев М.А.
«Салауатты өмір салтын насихаттау» жобасы аясында:
«Қ.Спатаев атындағы 7 IT лицей»,«Техникалық лицей жеке мекемесі», «Ziyatker Turan жеке меншік мекемесі», « Қарттар үйі», «Ардагерлер үйінде» жүргізілген іс-шаралар барысымен, жобаның мақсаты мен міндеттерімен, оқушылармен, қарттармен кері байланысы, алған әсерлерімен жұмыс барысымен,алдағы жоспарымен Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының ректоры, профессор Рысбек Мырзабек Мырзашұлымен бөлісті. Рысбек Мырзабек Мырзашұлы өз тарапынан студенттерді қолдап, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізудің маңыздылығын атай отыра, ерекше қолдауын көрсетті.