Салауатты өмір салтын насихаттау

2016-2017 ж.ж. арналған ҚР  денсаулық сақтауды дамытудың «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында 2017 жылы 23 қазанда «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасы ұйымдастырған «Тиімді тамақтану және уландырудың алдын алу» және «Респираторлық вирустық инфекция, тұмау мен пневмогты инфекциясының профилактикасы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел мәжілісінде т.ғ.к.,доцент м.а. Г.С. Айдарбекова п.ғ.к.доцент м.а А.М Джунусбаева, аға оқытушылар Ә.С Еркінбекова, А.А, Беккулова З.Б Дарашова аға  оқытушы Ш.Ш Нигматуллина. және 105-ОМ, 104 ОМ топтарының студенттері қатысты.

    Салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша облыстық Орталықтың маманы-санитарлық дәрігер Күланда Азатқызы Тәжекова шақырылды. Жұқпалы аурулардың зиянды әдеттері мен онымен күрестің алдын алу шаралары, туралы баяндама-презентацияны К.А.Тәжекова жасады.

Дөңгелек үстел барысында баяндамашы дұрыс тамақтану мәселесін көтерді, дені сау ағзаның жұмысын жағымсыз ықпал ететін өнімдердің тізімін айтып, күнделікті тамақтанудың дұрыс күн тәртібін көрсетті, ми қызметін жақсартатын өнімдерді атады.

Сосын шақырылған қонақтар студенттер қойған көптеген сұрақтарға жауап берді. Сөз соңында доцент м.а. А.М Джунусбаева қорытынды жасады және қатысушылардың атынан мазмұнды сұхбат үшін дөңгелек үстел қонақтарын құттықтады.

профилактика

25.10.2017, 05:23
391 қаралым