«Салауатты өмір салты»
ҚР денсаулық сақтауды дамытудың 2016-2019 жж. арналған «Денсаулық» Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аумағында 2016 жылдың 24-қазанында «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» және «Әлеуметтік-гуманитарлық пандер» кафедралары ұйымдастырған «Салауатты өмір салты» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге т.ғ.к., доцент м.а. Ғ.С.Айдарбекова, п.ғ.к.,доцент м.а А.М:Джунусбаева, аға оқытушы А.А.Беккулова, аға оқытушы Л.Т.Махатова, аға оқытушы З.Ш.Оразымбетова,аға оқытушы А.Ж.Тасболат, оқытушы Ш.Ш.Нигматулина, 104-ЖМ, 105-ЖМ, 101-ФӨТ,102-ФӨТ, 102-ОЗР тобы студенттері қатысты.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша облыстық орталықтан мамандар-психолог Д.Б.Тавбаева, дәрігер М.Ж.Құрасбекова шакырылды.
Дөңгелек үстел мәжілісінде «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының негізгі ережелері тақырыбында «Фармация» мамандығының 1-курс магистранты А.Өтегенов баяндама жасады. Ол бағдарламаның қабылдануының маңыздылығын атап көрсетті және қоғамның денсаулығын қорғау бойынша болатын жаңа саясатты енгізудің бөлімдеріндегі стратегиялық бағыттарды нақтылап берді.
Зиянды әдеттер мен онымен күрестің іс-шаралардың салдары, жұқпалы аурулардың алдын алу бойынша Д.Б.Тавбаева презентациялық баяндама жасады. «Темекі шегу: қолдау және қарсы» тақырыбында тренинг жүргізілді.
Облыстық орталықтың дәрігері М.Ж. Құрасбекова ана мен бала денсаулығын қорғау, нашақорлықпен күрестің мәселелерін қарастырды. Одан кейін шақырылған қонақтар студенттер қойған көптеген сұрақтарға жауап берді.
Қорытындыда аға-оқытушы Л.Т.Махатова дөңгелек үстелдің нәтижесін айтып және қатысушылардың атынан мазмұнды әңгімесі үшін қонақтарға алғыс білдірді.