Салауатты өмір – нұрлы болашақ

Студент жастар арасында салауатты өмір салтын және спортты дәріптеу мақсатында 2019 жылдың 24-ші сәуірінде «Медициналық биофизика және ақпараттық технологиялар» кафедрасының оқытушыларының ұйымдастыруымен «Салауатты өмір – нұрлы болашақ» тақырыбында спартакиада өтті. Спартакиадаға «Стоматология», «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» және «Жалпы медицина» мамандықтарының командалары белсене атсалысты. Спартакиада бағдарламасында арқан тарту, жіппен секіру, доппен жүгіру және кедергілер арқылы жүгіру сияқты жарыс түрлері болды. Көрермендер арасында студенттерден басқа деканат өкілдері де қатысты. Жарыстың қорытындысы бойынша «Жалпы медицина» мамандығының «Сұңқар» командасы бірінші орынға ие болды. Жеңгендер мен жүлде алғандар медальдар мен мақтау қағаздарымен марапатталды. Қатысушылар көптеген жағымды әсерлер алды.

1376 1

1376 2

26.04.2019, 05:58
357 қаралым