«Салауатты өмір – біздің болашағымыз» тақырыбындағы дөнгелек үстел
«Денсаулық» мемлекеттік бағдарлама аясында 2016 жылдың 2 желтоқсан күні әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен «Жалпы медицина» мамандығының 101 тобының, колледждің 202 МІЖҚ тобының студенттерімен бірге «Салауатты өмір – біздің болашағамыз» тақырыбында дөнгелек үстел өткізілді. Аталмыш іс-шараға КММ облыстық Жастар орталығының психологы Жұлдыз Шүкірәліқызы Балтабаева шақырылды.
Іс-шараның мақсаты: студенттердің салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелерінің өзектілігін жандандыру, адамның өмір сүру салты мен оның физикалық және рухани денсаулығы арасындағы байланысты көрсету.
Дөнгелек үстел кафедра менгерушісінің орынбасары, аға оқытушысы С.М.Тасқынбаеваның сөзінен басталды: «Бүгінгі таңда мемлекеттің өзекті міндеті - ұлтты сауықтыру, спортты дәріптеу және жастарды денені шынықтыру мәдениетіне баулу. Тек дені сау ұлт үлкен жетістіктерге жетеді. Сондықтан, жастарға осы бағытта тәрбие беру біздің басты міндетіміз».
Дөнгелек үстелдің тақырыбы бойынша талқылауға 202 МІЖҚ тобының студенттері Б.Абдураимова «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» баяндамасын, Е.Жұпарбек «СПИД» презентациясын, А.Жарылқасын «Есірткенің зияны туралы» тақырыбындағы баяндамасын, А.Серік «Темекінің адам денсаулығына зияны» туралы презентациясын айтып шықты.
Психолог Ж.Ш.Балтабаева тыңдаушылармен сұхбатты жалғастырып, есірткі заттардың қолданудың зарарлы салдарлар туралы айта кетіп, өз тәжірибесінен мысалдар келтірді. Іс-шара барысында «Біз өмірді таңдаймыз» атты есірткіге қарсы бейнематериал көрсетілді, студенттермен түрлі ойындар мен викториналар өткізілді. Дөңгелек үстел барысында ешкімді бұл тақырыпқа бейжай қалдырмады. Студенттер байсалдылықпен қарап, сұрақтарға белсенді жауап берді, мәселені шешу дөрекілеу емес жолдарды ұсынды, салауатты өмір салты туралы өз пікірлерімен бөлісті. Мәселені толық ашу мақсатында студенттердің ұйымдастыруымен «Зиянды әдеттердің соты» тақырыбындағы көрініс көрсетілді.
Аға оқытушы З.Ш.Оразымбетова: «Денсаулық-адам өміріндегі баға жетпес байлық. Әрбір студенттің бүгінгі кештен алар мағлұматтары көп болғанына үміттенемін» - деген сөздерімен іс-шараны аяқтады.