Сағадат Нұрмағанбетовпен Рақымжан Қошқарбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай ардагерлермен кездесу

2024 жылдың 6 Мамыр күні  «7 Мамыр Отан қорғаушылар күніне» және «9 Мамыр Жеңіс күніне» орай  ОҚМА АҚ №1 ғимаратының алдында Қазақстан Республикасының туы көтеріліп, мемлекеттік Ән ұран шырқалды. Іс-шараның екінші бөлігінде ОҚМА үлкен мәжіліс залында соғыс ардагерлерімен кездесу өтті.
Қонаққа, ауған соғысының ардагері: Мендигулов Сүндет Усенбаевич
Тәжік-Ауған соғысының ардагер: Мырзахметов Жомарт Тұрсынбекович
Әскери кафедра аға оқытушы: Ирак соғысының ардагері: Исакулов Нурбол Рахманбердиевич келді.

Іс-шараны Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасының басшысы Е.Сәлім ашып беріп, қызметкерлерді төс белгімен және ОҚМА ректорының алғыс хатымен марапаттады.
Ардагерлер мейрамға орай, өздерінің өмірлік тәжірбиелерімен бөлісіп, тарихымызды ұмытпауға, патриоттық сезімдерін оятуға шақырды. Кездесу барысында студенттер сұрақтарына жауаптарын алды.

06.05.2024, 17:20
453 қаралым