С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰМУ-ДЕ ӨТКЕН АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ

2023 жылғы 6 наурыздан бастап 17 наурызға дейінгі аралықта фармакогнозия кафедрасының меңгерушісі, фармация ғылымдарының кандидаты, профессор м.а. Орынбасарова К.К. академиялық ұтқырлық саясаты аясында С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ фармацевтикалық және токсикологиялық химия, фармакогнозия және ботаника кафедрасында «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» білім беру бағдарламасы бойынша 3 курс студенттеріне арналған «Фармакогнозия негіздері» пәні бойынша және «Фармация» білім беру бағдарламасы бойынша 3 курс студенттеріне арналған «Фармакогнозия» пәні бойынша сабақтар өткізілді.

Пән модулі бойынша студенттердің білімін бағалау, силлабустарды құру қағидаты бойынша тәжірибе алмасу, модульдік жүйені оқытудың бірыңғай нәтижелерін өңдеу қағидаттарымен танысу, тест түрінде бақылау парақтарын дайындау (тесттер, ситуациялық есептер, практикалық дағдылар) бойынша жұмыс жүргізілді.

Сабақтар оқытудың инновациялық технологияларын пайдалана отырып қазақ, орыс тілдерінде және жоғары кәсіби деңгейде өткізілді.

С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-ға сапары барысында Күлпан Кенжебаевна бірқатар дәрістер мен практикалық сабақтар өткізді.

Академиялық ұтқырлық барысында 10 наурызда профессор, фарм.ғ.к. Саякова Ғалия Мырзағалиқызымен бірлесе отырып «Құрамында фенол қосылыстары бар дәрілік өсімдіктер мен дәрілік өсімдік шикізаттары» тақырыбында ашық бинарлы дәріс оқыды.
Дәріс барысында алынған білімді бекіту және қалыптасқан білімді өзектендіру үшін білім алушылармен кері байланыс орнатылды. Қойылған сұрақтарға толық жауап алған білім алушылар ризашылықтарын білдіріп, оң пікірлерін айтты.

Сапар соңында С. Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ фармацевтикалық және токсикологиялық химия, фармакогнозия және ботаника кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы жылы лебіздерін білдіріп, ЖОО арасында оқытушылар мен білім алушылардың академиялық ұтқырлық бағдарламасын одан әрі белсенді өзектендіру керектігін атап өтті.

 

27.03.2023, 09:51
423 қаралым