Сәтті сапар саған, бітіруші түлек!

800 1

2016 жылдың 4 шілде күні Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясының техникалық және кәсіби білім беру факультетінің бітіруші түлектеріне диплом беру рәсімін үлкен мәжіліс залында ОҚМФА –ның оқу- әдістемелік жұмыстары жөніндегі проректоры Анартаева Мария Уласбекқызының  қатысуымен салтанатты түрде өткізілді.

800 2

ТжКББФ-нің «Емдеу ісі», «Мейірбике ісі», «Фармация»  және «Стоматология» мамандықтары бойынша 240 түлек бітіріп, оның ішінде 28 түлек  үздік дипломмен оқуларын аяқтады.

800 3

ТжКББФ-нің студенттік деканы, белсенді бітіруші түлек Иембердиев Қайрат  барлық бітіруші түлектермен бірге «ДӘРІГЕРЛІК АНТ» қабылдады. 

Қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып, үлгілі нәтиже көрсеткен  түлектер студенттік кәсіподақ ұйымы тарапынан арнайы сыйлықтармен марапатталды.

800 4

Бітірушілерді  құттықтау үшін ата-аналар тарапынан үздік диплом иегері Тұрғанбек Сауленің әкесі Орманов Нұрғали Тұрғанбекұлына құттықтау сөзі  беріліп, факультетіміздің көшбасшысы,  мейірбике ісі мамандығы 3 курс МІҚ -9-301 тобының студенті Таубай Айгерім  өзінің өлең шумақтарын арнап,  түлектерге ақ жол тіледі.

ТжКББФ-нің деканы М.Отыншиев бітіруші түлектерге өзінің ақыл-кеңесін бере отырып, құттықтап, ақ тілекпен біліктілік дипломдарын табыстады.

Салтанатты жиынның соңы факультет өнерпаздарының концертіне ұласты.

Дайындаған: ТжКББФ деканаты

13.07.2016, 06:21
341 қаралым