С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің МАҚТАНЫШЫ

2021 жылдың 13-15 қазаны аралығында С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде Университет күндері аясында:
•  Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 30 жыл
•  Фармация мектебіне 70 жыл
•  Қазақстан Республикасының фармацевтикалық қызметті қолдау және жетілдіру Ассоциациясына 25 жыл толуына арналған «СОВРЕМЕННАЯ ФАРМАЦИЯ: НОВЫЕ ПОДХОДЫ И АКТУАЛЬНЫЕ ИССЛЕДОВАНИЯ» Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференцияда осы жоғары оқу орнының түлегі, фармация ғылымдары докторы,профессор Сағындықова Баян Ахметовна Университеттің дамуына қосқан айрықша үлесі үшін С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина универститетінің «Алтын медалімен» марапатталды.

19.10.2021, 13:56
639 қаралым