«Рухани жаңғыру – XXI ғасыр» тақырыбында зияткерлік ойыны
2018 жылдың 30 қазан айында әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасы, әлеуметтік-гуманитарлық пәндер, гигиена және эпидемиология кафедраларының ұйымдастыруымен 2 курс студенттері арасында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында «Рухани жаңғыру XXI ғасыр» тақырыбында зияткерлік ойыны өткізілді.
Зияткерлік ойынның мақсаты студенттердің:
1) логикалық ой-өрісін, зейінін, жадында сақтау қабілетін дамыту;
2) білімге деген қызығушылығын, шығармашылығын дамыту;
3) елімізде өскелең ұрпақтың Отанға деген патриоттық сезімдерін ояту;
Сайыс 5 кезеңнен тұрып, 5 топтың арасында өтті: «Потомки Сократа», «The Royalse», «Chinese team», «Вспышка», «Arabica».
Зияткерлік ойынның қатысушыларына - Еліміздің тарихы, 21 ғасырдағы Қазақстанда Ұлттық сананың қалыптасуы және дамуы туралы, жер-су аттары, мәдениеті мен руханиятына қатысты сұрақтар қойылып, терең білімдерін көрсетті.
Ойынның нәтижесінде «Вспышка» командасы жеңіске жетті, 2-ші орынға «The Royalse» командасы, 3-ші орынға «Chinese team» командасы ие болды.
Ойын соңында медицина факультетінің деканы Долтаева Б.З., әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының менгерушісі Аширов Ш.А., ӘМжЖСБ бас маманы Баймбетова Б.С. іс-шаралардың маңыздылығын түсіндіріп, барлық қатысушыларға белсенділігі үшін алғысын айтып, жеңімпаздарды мақтау қағаздары мен сыйлықтармен марапаттады.