«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «JASTARGA - KENES» кәсіпкерлермен мотивациялық тренинг ұйымдастырылды
Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің және Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы «Еңбек-елдің мұраты» арнайы жобасы аясында «JASTARGA - KENES» жас кәсіпкерлермен мотивациялық кездесу, тренинг ұйымдастырылды.

Жобаның мақсаты – кәсіппен айналысамын деген жастардың бизнес идеялары мен Start-Up жобаларын іске асыруға жан-жақты қолдау, жастардың бизнестегі жолын ашып, бағыт-бағдар беруге бағытталған. "JASTARGA - KENES" жобасы аясында "Asyl Arman" Корпорациясының президенті, Іскер Әйелдер кеңесiнiң төрайымы - Архабаева Алма Нұралқызымен, Bolashaq Ontustik корпоративтік қорының директоры- Тайыр Данияр Абдықасымұлы сынды кәсіпкерлер мотивациялық дәріс оқыды.

Аталмыш жобаға барлығы 30-ға жуық кәсіп ашуға ниетті жастар
Мотивациялық кездесуде барлық санитарлық - эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып жасалынады.




 589 қаралым
                                589 қаралым
                            