Құрметті түлек!

Бүгінгі таңда Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы (ОҚМА) қазақстандық жоғары оқу орындары  арасында беделді, ірі білім беру және ғылыми орталық болып табылады.

ОҚМА түлектері халықаралық стандарттарға сай сапалы білім алып қана қоймай, Alma Mater дәстүрін сақтап, әрі ұлғайтады. Бұған 2012 жылы құрылып, түлектерді кәсіби қатынас базасында және ортақ қызығушылықтар негізінде біріктіруші, қарқынды түрде дамып келе жатқан Түлектер ассоциациясы жағдай жасап келеді. 

Түлектер ассоциациясы академиямен байланыс орнатудың, тәжірибе алмасудың, түлектердің кәсіби, ғылыми және шығармашылық әлеуетін көтерудің жемісті іргетасы болып табылады. 

Ассоциацияға мүше болу Alma mater-мен арадағы мызғымас байланыс пен ЖОО-ның ағымдық әрекеті туралы үнемі хабардар болу мүмкіндігіне кепіл береді. 

Біз әрбір түлекті мақтан тұтамыз және ОҚМА түлектерінің ынтымақты отбасына қосылуға шақырамыз! 

 

Ректор, медицина ғылымдарының докторы,

профессор Рысбеков Мырзабек Мырзашұлы

Байланысатын тұлға: Сапақбай Мәлік Мырзаханұлы, тел.87252408229, malikmed@mail.ru

19.03.2018, 06:15
268 қаралым