ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

 

 

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

Сіздерді 2018 жылдың 29-30 маусым аралығында Шымкент қаласында өтетін «Қазақстанның оңтүстік өңіріндегі өзекті жұқпалар»тақырыбындағы Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысуға шақырамыз.

 

Конференция ұйымдастырушысы:

Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы, «Дәрігер инфекционисттердің қоғамы» Өңірлік Қоғамдық бірлестігі

 

Конференция жұмысында кең тараған сұрақтары талдау жобаланады

-          инфекционисттер, терапевт дәрігерлері, педиатрлар, хирургтар, акушер-гинекологтар, жалпы тәжірибелік дәрігерлер, жедел күттірмейтін жәрдем дәрігерлері тәжірибесіндегі жұқпалы аурулардың диагностикасы, емі және алдын алу шаралары мәселелері;;

-          жұқпалы аурулардың рационалды фармакотерапиясы;

-          Қазақстандағы жұқпалы аурулар қызметінің заманауи жағдайы және даму болашағы;

-          Еліміздегі және оңтүстік өңірлердегі жұқпалы аурулармен аурушаңдықты төмендетудің жоспары мен болжамы;

-          жұқпалы аурулармен күресудің жоғарғы технологиялары;

-          жұқпалы аурулармен ауыратын науқастарды тексеру кезіндегі заманауи диагностикалық мүмкіндіктері;

-          жұқпалы аурулармен ауыратын науқастарға амбулаторлық көмек;

-          созылмалы вирусты инфекциялардың (АИТВ, гепатиттер, герпес және т.б.) диагностикасы, емі және реабилитациясын дамыту мүмкіндіктері;

-          жұқпалы аурулар кезіндегі күттірмейтін көмек;

-          жұқпалы аурулардың вирусқа және бактерияға қарсы терапиясы. Емдеу барысында қолданылатын кестелер мен әдістердің терапевтикалық мүмкіндіктерін бағалаудағы дәлелді медицина;

-          жұқпалы аурулар кезіндегі тамақтану. Дәрігер тәжірибесіндегі диетологияға заманауи көзқарас;

-          жұқпалы аурулардың алдын алу вакцинасы;

-          жұқпалы аурулармен ауыратын науқастардың интенсивті терапиясы және реанимациясы;

-          жұқпалы және паразитарлы ауруларды эпидемиологиялық қадағалау.

Конференция аумағында дөңгелек үстел, семинар, клиникалық талдау, науқастарды емдеу хаттамаларын талдау өткізу жоспарланады.

 

Конференция қатысушылары:

Жұқпалы аурулар аумағындағы ТМД алдыңғы қатарлы ғалымдары, тәжірибелік дәрігер-инфекционисттер, терапевттер, педиатрлар, хирургтар, анестезиолог-реаниматологтар, ЖКМЖ дәрігерлері, қоғамдық денсаулық сақтау ұйымдастырушылары, дәрігер-эпидемиологтар және лабораториялық диагностикалық мамандары, медициналық жоғарғы оқу орындарының жоғарғы және қосымша профессиялық білім алушылары. 

 

Конференцияның ғылыми баяндамасына қатысу үшін 2018 жылдың 15 мамырына дейін ұйымдастыру комитетіне мекеме басшысымен бекітілген өтініш жіберу керек, өтініште мына мәліметтер көрсетілуі қажет:

баяндама тақырыбы;

әр автордың толық аты-жөні және тегі;

жұмыс жасалған ұйымның атауы;

байланыс мәліметтері: электрондық пошта, телефон, пошталық мекен-жайы;

қонақ үйді брондау қажеттілігі.

Өтінішті мына e-mail бойынша жіберу қажет: dr.abuova@gmail.com Ұйымдастыру комитетінің өтінішті қабылдағаны бөлек хатпен жіберіледі. Баяндамашылар баяндамысының Конференцияның ғылыми бағдарламасына қосылғаны туралы мәліметті 2018 жылдың 31 мамырынан кешіктірілмей білетін болады.

Мақалалар мен тезистерді дайындауға қойылатын талаптар:

Мақалалар (5 бетке дейін), тезистер (2 бетке дейін) орыс, қазақ, ағылшын тілдерінде болуы керек және ұйымдастыру комитетінің мекен-жайына электронды түрде жіберілуі керек (электронды пошта арқылы).

Мақалалар мен тезистер Times New Roman қарпінде жазылуы керек, қаріп өлшемі – 12, жоларалық қашықтық – 1,5, сол және оң жақтары – 2 см.

Тақырып бас әріптермен жазылуы керек, авторлардың аты-жөндері бас әріптермен жазылады. Келесі жолда ұйым атауы, қаласы.

Жұмыста нақтау фактілік материал жазылуы керек.

Мақалалар мен тезистер авторлармен өңделуі қажет.

Орындалған жұмыстар 2018 жылдың 30 мамырынан кешіктірілмей мына e-mail-ге жіберілуі керек:dr.abuova@gmail.com

Назар аударыңыз!

1. жұмысты безендіру кезінде жоғарыдағы ережелердің кез-келгені орындалмаған жағдайда ұйымдастыру комитеті жұмысты қабылдамауға құқылы.

2. Авторлар ұйымдастыру комитеті тезисті алғандығына көз жеткізуі қажет. Байланыс электронды пошта арқылы. 

 

Конференцияның секретариаты:

Шымкент қаласында: Абуова Гульжан Наркеновна  (ғылыми бағдарлама, компаниялардың қатысуы, қатысушыларды орналастыруы) 

Телефон:+77017328158, E-mail: dr.abuova@gmail.com

Бердалиева Фарида Абдуллаевна (тезистер)  

Телефон:+77754681328, E-mail: fberdalieva@mail.ru

 

Көрме

Конференция жұмысының аумағында фармацевтикалық препараттардың, вакциналардың, иммуноглобулиндердің диагностика заттарының және лабортаориялық құралдардың, емдік тағамданудың азықтары, биологиялық белсенді және қосымша тағамдардың және т.б. мәліметті материалдарының презентациялық көрмесі өткізіледі.

«Қазақстанның оңтүстік өңіріндегі өзекті жұқпалар» тақырыбындағы Халықаралық ғылыми-тәжірибелік қатысушыларынан 2018 жылдың 15 мамырына дейін электронды поштаға dr.abuova@gmail.com тіркеу карточкасын толтырып жіберулеріңізді сұранамыз:

Қатысушының тіркелу карточкасы

Аты-жөні, тегі (толық) _____________________________________________

Туылған жылы_________________________________________________________________

Мамандығы ________________________________________________________________

Лауазымы ____________________________________________________________________

Жұмыс орны_________________________________________________________________

Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы __________________________________________________

Хат алмасу мекен-жайы___________________________________________________________

 

Байланыс телефоны (қала кодын көрсету)_____________________________________

Электронды пошта_______________________________________________________

Қатысу түрі (астын сызу): ауызша баяндама

Постерлі баяндама.

Баяндамасыз

 

Стендтік (постерлі) баяндаманы безендіру талаптары:

стенд өлшемі А1 (60 х 90 см) – вертикальді.

қаріп өлшемі - 20 пт. Кіші болмауы қажет.

Барлық суреттердің сапасы жақсы болуы қажет, әр суреттің астында қолы болуы және түсіндірмелі тексттер болуы қажет.

«Қазақстанның оңтүстік өңіріндегі өзекті жұқпалар» аттыХалықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция туралы мәлімет Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының сайтында көрсетілген www.skma.edu.kz.

     Конференцияның ұйымдастыру комитеті осы форум ғалымдардың, тәжірибелік дәрігерлердің эпидқадағалау қызметінің жұмысшыларының, қоғамдық денсаулық сақтау ұйымдастырушыларының, медициналық жоғарғы оқу орындары студенттерінің кең қызығушылығын шақырады деп үміттенеді.

02.05.2018, 07:03
405 қаралым