Құрметті ОҚМФА қызметкерлері, оқытушылар мен білім алушылары!

ОҚМФА стратегиялық даму және халықаралық ынтымақтастық бөлімі келесіні хабарлайды:  2017 жылдың 2 қараша күні сағат 10.00-ден 13.30-ға дейін Қазақстандағы Эразмус+ бағдарлама бойынша Ақпараттық Күннің пленарлық сессиясының онлайн-көрсетілімі өткізіледі. Іс-шараның Пленарлық сессиясы онлайн Adobe Connect бағдарлама арқылы көрсетілетін болады.

Ақпараттық Күннің мақсаты – Қазақстан ЖОО-ның өкілдерін Эразмус+ бағдарламасының Төртінші Байқаудың өзгерістер мен талаптармен, іріктеу рәсімімен, ұлттық және аймақтық басымдықтарымен таныстыру; жобалық өтінімдерді дайындау мен жобаны іске асыру бойынша тәжірибелік ұсыныстар беру. 

Тілек білдірушілер вебинарға жекелей, сондай-ақ, қатысушылар тобы ретінде бейнеконференция режимінде қатыса алады. Қосылу үшін мына сілтеме бойынша https://goo.gl/9HBzuB 2017 жылдың 31 қазанына дейін тіркелу керек. Вебинардің  сілтемесі және қосылу нұсқаулығы қатысушылардың тіркеу нысанында көрсетілген электрондық пошталарына жіберіледі.

erasmusеerasmus

 

27.10.2017, 01:29
268 қаралым