Құрметті 2021 жылы "Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясының" магистратурасына түсуге үміткерлер!

  

1724 1 

 

Кешенді тестілеуге (КТ) тіркеу 2021 жылғы 1 маусым мен 15 шілде аралығында http://www.testcenter.kz сайтында жүргізіледі.

КТ өткізу күні: 2021 жылдың 20 шілдеден 10 тамызға дейін.

Тестілеуден өту форматы: Онлайн.

КТ-ға қатысу құны 8292 тг құрайды.

 

Білім беру грантын беру конкурсына қатысу үшін үміткерлер кемінде 75 балл (шет тілі – кемінде 25 балл, оқуға дайындығын анықтауға арналған тест – кемінде 7 балл, білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тест – әрбір пән бойынша кемінде 7 балл) жинауы қажет.

Ақылы негізде магистратураға түсу үшін үміткерлер кемінде 50 балл (шет тілі – кемінде 25 балл, оқуға дайындығын анықтауға арналған тест – кемінде 7 балл, білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тест – әрбір пән бойынша кемінде 7 балл) жинауы қажет.

2021-2022 оқу жылына "ОҚМА" магистратурасына үміткерлерді қабылдау 2015 жылғы 31 шілдедегі "Медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттар мен үлгілік кәсіптік оқу бағдарламаларын бекіту туралы" ҚР ДСМ № 647 бұйрығына, 2021 жылғы 24 мамырдағы толықтырулар мен өзгерістермен "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығына; "Білім берудің барлық деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.

Магистратураға түсу бойынша толық ақпаратты ОҚМА ғылыми-клиникалық жұмыс, докторантура және магистратура басқармасынан алуға болады.

 

Құрметпен,

ОҚМА ҒКДМ басқару әдіскерлері:

Мусаева Арина Галимқызы, тел: +7 771 320 24 22

Қали Сымбат Мамырханқызы, тел: +7 771 561 23 23

Батырбай Сымбат Азатханқызы, тел: +7 747 131 97 97

12.06.2021, 00:14
510 қаралым