«Резидентура және интернатура оқу үдерісіне клиникалық диагностикалау және емдеу хаттамаларын енгізу тәжірибесі» атты жоғарғы оқуаралық оқу-әдістемелік конференция
Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтикалық Академиясының «Жұқпалы аурулар және дерматология» кафедрасы Семей Мемлекеттік Медицининалық Университетінің «Неврология, психиатрия және жұқпалы аурулары» кафедрасымен бірлесе отырып, «Резидентура және интернатура оқу үдерісіне клиникалық диагностикалау және емдеу хаттамаларын енгізу тәжірибесі» атты жоғарғы оқуаралық оқу-әдістемелік конференцияны ұйымдастырды.
Конференцияның қатысушылары: ОҚМФА ның «Жұқпалы аурулар және дерматология» кафедрасы, Семей Мемлекеттік Медицининалық Университетінің «Неврология, психиатрия және жұқпалы аурулар» кафедрасы, ОҚМФА «Неврология, психиатрия және психология» кафедрасы, ОҚМФА «Педиатрия және балалар хирургиясы» кафедрасы, ОҚМФА дәлелді медицина бөлімі, клиникалық дисциплина орталық әдістемелік комитеті, резиденттер және интерндердің ұстаздары, Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының дәрігерлері.
Конференцияда Абуова Г.Н., Смаил Е.М., Туксанбаева Г.У., Бердалиева Ф.А-ның баяндамалар оқыды. «Желшешек» ауруының клиникалық хаттамасы Case-study әдісімен негізінде көрсетілді, «Конго-Қырым канды қызбасы» ауруы TBL оқыту әдісімен қолданылды, «рөлдік ойындар» көрсетілді.
«Жұқпалы аурулар» кафедрасы бақылау тізімін және әдістемелік дамуын қолдана отырып, «Резиденттерге клиникалық диагностика және емдеу хаттамаларын оқытудың қазіргі технологиялары» атты клиникалық хаттамалар білімін бағалау әдістері ұсынылды.
Қатысушылар осы конференцияның өзектілігі мен маңыздылығын жоғары бағалады.