Резидентура түлектеріне куәлік табысталды!

2021 жылдың 27 шілдесі күні ZOOM онлайн платформасында Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасының ұйымдастыруымен Резидентура бітіруші түлектеріне куәлік беру рәсімі өтті. Іс-шараны ОҚМА ректоры М.Рысбеков ашып беріп, бітіруші түлектерді куәлік алуларымен құттықтады.

1748 1

Қазіргі күннің басты мәселесі болып жатқан коронавирус пандемиясының өршіген уақытында академия резиденттерінің жасаған еңбектері жайлы бейнеролик көрсетілді.

1748 2

Ары қарай құттықтау сөзді академияның Отбасылық медицина кафедрасының меңгерушісі Қауызбай Жумалы Арипбаевич, Ғылыми клиникалық жұмыстар жөніндегі проректор Нұрмашев Бекайдар Қалдыбайұлы, және де бітіруші түлектердің атынан Бегабат Айдос Токмырзаулы жалғастырды. Бітіруші түлектерге куәлік беру туралы Бұйрықпен Н.Ахметов таныстырып өтті.

1748 3

Іс-шара бітіруші түлектер үшін арнайы дайындалған бейнероликпен жалғасты.

1748 4

Бітіруші түлектерді куәлік алуларымен шын жүректен құттықтаймыз! Келешектерің кемел, болашақтарың нұрлы болсын!

27.07.2021, 05:11
580 қаралым