РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СТУДЕНТТІК КОНФЕРЕНЦИЯДАН АЛҒЫС ХАТ

2024 жылдың сәуір айының 4-5 жұлдызында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінде жаратылыстану, техникалық, әлеуметтік-гуманитарлық және экономикалық ғылымдар бойынша «Жастар ғылымының даму векторлары» атты ХХVІІ республикалық студенттік ғылыми конференциясы болды. Конференцияға шақырылған ЖОО студенттерінің қатарында Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының білім алушылары да қатысты. Студенттердің ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық жұмыстарын жандандыру, оларды қазіргі тандағы ғылыми мәселелерді шешуге қызықтыру, сонымен бірге шығармашылық қабілетін арттыру, дарынды студенттерді іріктеу және қолдау мақсатында өткізілген ғылыми конференцияның Тарих және педагогика секциясы бойынша Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы ВМ-ЖМШ-02-23 шетел тобының студенті Мухамад Мунтазир «Қазақстан мен Үндістан елдері арасындағы мәдени ынтымақтастық байланыстарының тарихы» тақырыбында баяндама оқып, Алғыс хатқа ие болды. Ғылыми жетекшісі - Досаламанова Айгүл Орынқазықы, «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасының оқытушысы.
Құттықтаймыз!

23.04.2024, 19:07
247 қаралым