Республикалық көптілділік олимпиада

824 1

2016  жылдың 23 қыркүйек күні Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің ұйымдастыруымен Республикалық дәрежеде үштілді олимпиада өткізілді. Аталған олимпиадаға академиядан шет тілі кафедрасының  меңгерушісі А.С.Сайфуддинованың жетекшілігімен 1 курс «Жалпы медицина» мамандығының студенті С.Қален, 2 курс «Мейірбике ісі» мамандығының студенті  Н.Байтуреева, 2 курс «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығының студенті Ш.Бегматова қатысты. 4 турдан тұратын сайыста біздің студенттеріміз жоғары дәрежеде білімдерін көрсетіп, басқа оқу орындары арасында басымдылық танытып, академия намысын қорғап қайтты.

824 2

Студенттеріміз үш тілде еркін сөйлеп қана қоймай, тест тапсырмалары мен викториналық сурақтарға сауатты жауап берулерімен барша көрермендердің назарын аударта алды. «MULTILINGUAL COMPETENCE» номинациясымен оралған студенттерімізге болашақта академия атағын биіктен көрсете берулеріне тілектеспіз. 

28.09.2016, 05:42
461 қаралым