ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің ШЖҚ РМК «Дәрілік заттарды, медициналық бұйымдар мен медициналық техникаларды сараптаудың Ұлттық Орталығы» Бас директоры С.Р.Мусиновтың ОҚМФА-ға келуі

2015 жыл 25 наурызда  ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің ШЖҚ РМК «Дәрілік заттарды, медициналық бұйымдар мен медициналық техникаларды сараптаудың Ұлттық Орталығы» Бас директоры С.Р.Мусинов ОҚМФА-ға келді. ОҚМФА-да С.Р.Мусинов клинико-диагностикалық зертханада, оқу-клиникалық симуляциялық бөлімде, геномды зертханада, дәрілік заттар зертханасында, фармацевтикалық және токсикологиялық химия, дәрілер технологиясы мен инженерлік пәндер, фармация ісін ұйымдастыру мен басқару кафедраларындағы оқу-ғылыми зертханаларында болды

С.Р.Мусинов профессор-оқытушылық құраммен кездесті, онда ғылымның, білім мен өндірістің интеграциясы талқыланды, дуальді білім беру шеңберінде білім алушылардың ДЗСҰО аймақтық филиалдарында тәжірибеден өтуі мәселесі көтерілді.

Кездесуде Жамбыл облысы бойынша аймақтық ДЗСҰО филиалы директоры Х.А.Даурабаева, Оңтүстік Қазақстан облысы аймақтық ДЗСҰО директоры А.К.Тұрмаханов, фрмацевтикалық ғылым мен білімді қолдаудың облыстық Ассоцияциясының төрайымы Х.Д.Әлжанова да болды. 

 

ОҚМФА баспасөз қызметі

 

31.03.2015, 07:39
693 қаралым