Қызылша, тұмау және ЖРВИ мәселелеріне арналған облыстық ғылыми-практикалық семинар
07.11.2023 ж. жұқпалы аурулар және дерматовенеролгия кафедрасы ОҚМА акт залында қызылша, тұмау және ЖРВИ мәселелеріне арналған облыстық ғылыми-практикалық семинар өткізді. Семинарға ифекционист дәрігерлер, педиатрлар, акушер-гинекологтар, ана денсаулығын сақтау жөніндегі медициналық ұйымдардың бас дәрігерлерінің орынбасарлары және инфекционисттер, педиатрлар, акушер-гинекологтар қатысты. Семинарды өткізу 2023-2024 тұмау және ЖРВИ бойынша кезекті эпидемиологиялық маусымның басталуына, сондай-ақ өңірдегі қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдайға байланысты болды.
Баяндамалар тақырыбы:
1. "Қазақстандағы, Түркістан облысындағы, Шымкент қаласындағы тұмау, ЖРВИ, қызылша бойынша қазіргі эпидемиологиялық жағдай. Жүкті әйелдердегі тұмау, ЖРВИ, қызылша". Дәріскер м.ғ.к., профессор Г.Н. Абуова, жұқпалы аурулар және дерматовенерология кафедрасының меңгерушісі.
2. "Балалардағы тұмау, ЖРВИ. Ерекшеліктері, дифференциалды диагностикасы, лечение". Дәріскер доцент PhD.Ф. А. Бердалиева.
3. "Балалардағы қызылша. Ерекшеліктері, дифференциалды диагностикасы, емі". Дәріскер доцент, PhD .А. А. Жүзжасарова.
4. "Жұмыс істеп тұрған НҚА" дәріскер Б. Е. Бейсетаева, кафедра ассистенті, жоғары санатты инфекционист дәрігер.
Практикалық денсаулық сақтау қызметкерлеріне амбулаториялық жағдайда да, стационарлық жағдайда да қызылшамен, ЖРВИ-мен ауыратын науқастарды басқару бойынша қадамдық ұсыныстар берілді.