«ҚЫЗ ӨССЕ-ЕЛДІҢ КӨРКІ» СТУДЕНТТЕР МАМАН КЕҢЕСІН ТЫҢДАДЫ

2023 жылдың 12 қыркүйек күні М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің студенттеріне гендерлік саясат және қоғамдағы қыздардың рөлін арттыруға бағытталған қазақ қызының бойындағы дәстүрімізге сай әдептілік, инабаттылық, көріктілік, ептілік сияқты жан-жақты ұлттық асыл қасиеттерді бойға сіңіру мақсатында «Қыз өссе-елдің көркі» атты іс-шара өтті.
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы және Салауатты өмір салтын қалыптастыру мамандарының ассоциациясы бірігіп ұйымдастырған жиында қыздар арасындағы ерте жүктілік, денсаулық, өмір қауіпсіздігі жайында маңызды ақпараттар берілді.
Жиында Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы ВЖМҚА-09-19 тобының студенттері Мекенбай Азамат және Сағындықов Жанарыс алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша шеберлік сабағын ұсынып, көптеген сұрақтарға жауап берді.

13.09.2023, 17:30
400 қаралым