Қысқа сессияға дайындық жұмыстары жайында

13.12.2022 – 19.12.2022 жж. аралығында «Фармация» және «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» білім беру бағдарламалары білім алушыларына қысқы сессияға дайындық түсіндірме жұмыстары фармация факультеті деканаты тарапынан қашықтан ZOOM платформасын қолдана отырып өткізілді. Бұл жылы қысқы сессия 19.12.22 ж. бастап 11.01.23 ж. дейін болады. Түсіндірме жұмыстарын декан Умурзахова Г.Ж. және декан орынбасарлары Сапақбай М.М., Козыкеева Р.А., және аға әдіскер Дуйсебаева Г.Н., жетекші мамандар Абдубекова Ж.М., Жаксыбаева А.Е. өткізді.

Білім алушылар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, жауаптарын алды. Түсіндірме жұмыстары барысында білім алушыларға алдымен қысқы сессияда емтихан тапсыру ережелері, аппеляцияға беру, GPA балды қалай есептеу керектігі және әр курсқа бекітілген GPA балы жайлы айтылды.

 

20.12.2022, 11:04
416 қаралым