Қырғызстан астанасы Бішкекте жұқпалы аурулар мен гепатологтардың I конгресі

Жұқпалы аурулар және тері-венерология кафедрасының қызметкерлері Абуова Г.Н., Бердалиева Ф.А., Қамытбекова К.Ж., Сарыпбекова Л.Л., Шаймерденова Г.Г. 29-30 қыркүйекте Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында өткен жұқпалы аурулар мен гепатологтардың I конгрессіне қатысты. Конгресс жұмысына Қазақстан, Өзбекстан, Ресей және Қырғызстан ғалымдары қатысты. ХХІ ғасырдағы ең өзекті адам жұқпалы аурулары талқыланды. Әбуова Г.Н. және Бердалиева Ф.А. кафедрада жүргізілген ғылыми жобаның нәтижелерімен бөлісті. Қамытбекова Қ.Ж. және Сарыпбекова Л.Л. баяндамалары Қазақстанның оңтүстігінде кездесетін зооноздық инфекцияларға арналды. Жас ғалымдар байқауына қатысқан Шаймерденова Г.Г. екінші орынды иеленді. Оқытушы-профессорлар құрамы мен студенттердің академиялық ұтқырлық мүмкіндіктері, бірлескен білім беру бағдарламалары туралы айтылды.

06.10.2023, 15:14
390 қаралым