Құрметті әріптестер, ҚР және ТМД елдерінің медициналық ЖОО, ҒЗИ мен ҒО, мед.клиникалардың жетекші ғалымдары мен мамандары, резиденттер, магистранттар, докторанттар!

Сіздерді 2022 жылғы 10-11 қараша күндері Шымкент қаласында офлайн және онлайн форматтарда өтетін «Клиникалық неврология және психиатрияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының жұмысына қатысуға шақырамыз.
Аталған іс-шара Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен 2022 жылға арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференциялар тізбесіне енгізілген.
Конференция ұйымдастырушылары: Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі және Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының неврология, психиатрия, оңалту және нейрохирургия кафедрасы, Түркістан облысы қоғамдық денсаулық және Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармаларының қолдауымен өткізуде.
Конференция өтетін орны: Шымкент қаласы, Rixos Khadisha Shymkent, Желтоқсан көшесі, 17. Қатысушыларды тіркеу уақыты: 8.00-8.30

 

Сәл ертерек, 9 қараша күні Шымкент қаласында орналасқан Облыстық клиникалық ауруханасында Ұлыбритания мен Ресейдің белгілі ғалымдар-профессор Холден Генри, оның шәкірті Р.Б. Қайыржанова, нейрогенетик, мед.ғ.к. С.А. Курбатовтың қатысуымен мастер – класс өткізіледі.
Дәрігерлер пациенттермен кездесіп, тексеру жүргізеді, әр клиникалық жағдайды жеке қарастырады.
Конференция бағдарламасы балалар мен ересектер неврологиясының жүйке жүйесі ауруларын диагностикалау, емдеу және оңалту мәселелерін қамтиды. Жақын және алыс шетелдерден келген спикерлер қызықты клиникалық кейстермен сөз сөйлейді, талқыланатын салалардағы заманауи жетістіктермен және практикалық дағдылармен танысады.
Конференция жұмысына Ресей Ғылым академиясының академигі, орталық және перифериялық жүйке жүйесінің ауруларын зерттеуде молекулярлық-генетикалық бағыттың негізін қалаушы С. Н.Иллариошкин, Түркиядан келген Оскара Джидем, ILAE білім беру комиссиясының мүшесі және VIREPA курсының тьюторы, сондай-ақ EPODES курсын ұйымдастырушылар арасында - ILAE эпилепсия хирургиясы қатысады.
Инсультология бойынша симпозиумға отандық жетекші мамандармен қатар Түркиядан келген нейрохирургтар да қатысады, олар жедел ми ишемиясын емдеуде, аневризма микрохирургиясында және әртүрлі трансназальды операцияларда тәжірибелерімен бөліседі. Нейрореабилитация симпозиумында Санкт-Петербург пен Қазаннан келген жетекші реабилитологтар бар. Конференцияның тақырыптарына тағы бір тоқталайық: нейродегенеративті аурулар, Паркинсон ауруы, деменция, эпилепсия, инсульт, нейрохирургия, орфандық аурулар, таңдаулы психиатрия мәселелері және неврологиядағы ауырсыну синдромдары және, әрине, жас ғалымдар арасындағы байқаудың қорытындысын шығару.


Конференция спикерлері:

Туруспекова Сауле Тлеубергеновна, ҚР ДС бас неврологы, С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ жүйке аурулары кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, ҚР невропатологтар қауымдастығының, Prim WFN неврологтар лигасының, AD/PD, IPA, ISPRM мүшесі, Алматы қ., Қазақстан.
Жанаспаева Галия Амангазиевна, ҚР ДСМ ересектер ФМР бойынша бас штаттан тыс маманы, академик Н. Д. Батпенов атындағы ҒЗИТО оңалту бөлімшесінің меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты, жоғарғы біліктік санаттағы ФМР дәрігері, Астана қ., Қазақстан.
Адильбеков Ержан Боранбаевич, MD, МВА,PhD,АҚ «Ұлттық нейрохирургия орталығы» Инсульт мәселелері жөніндегі республикалық орталығының директоры, Астана қ., Қазақстан.
Жаркинбекова Назира Асановна, Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының психиатрия, психология және неврология, оңалту және нейрохирургия кафедрасының меңгерушісі, профессор, Түркістан облысының ДСБ штаттан тыс бас неврологы, Шымкент қ., Қазақстан.
BurakKaraaslan, M.D. Gazi University Faculty of Medicine Dept., Ankara, Тurkey.
Емрах Челтикчи (Emrah Celtikci), M.D. Asst. Prof. Gazi University Faculty of Medicine Dept. of Neurosurgery Director of Connectome and Artificial Intelligence Labs,Ankara,Turkey.
МемдухКаймаз (AhmetMemduhKaymaz), PhD, Prof.GaziUniversity, Ankara,Turkey.
Оскара Джидем, PhD профессор, Черрахпаш университетінің неврология кафедрасының профессоры, Стамбул қ., ILAE білім беру комиссиясының мүшесі және VIREPA курсының тьюторы, сонымен қатар EPODES -ilae эпилепсия хирургиясы курсын ұйымдастырушылар арасында. Стамбул қ.,Түркия
Холден Генри, BSc (Hons), PhD, MD, MRCP, Professor of Neurology and Neurogenetics, UCL Institute of Neurology, Queen Square.
Кайыржанов Рауан Багданович, BSc (Hons), MSc, MD, PhD fellow Department of Neuromuscular disorders, Institute of Neurology, University College London, Queen Square (Великобритания).
Иллариошкин Сергей Николаевич, "Неврология ғылыми орталығы" ФМБҒМ директорының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары, МИ институтының директоры, РҒА академигі, медицина ғылымдарының докторы, профессор, РФ ғылымының еңбек сіңірген қайраткері, РФ Үкіметінің ғылым және техника саласындағы Сыйлығының лауреаты іргелі медициналық зерттеулер саласындағы РАМН Президиумы сыйлығының лауреаты, Мәскеу қ., Ресей
Табиев Идиль Искандарович, МАДСМ «Өңіраралық клинико-диагносткалық орталық» оңалту бойынша бас маманы. Қосымша біліктілігін арттыруда білім беру курсының МАДСМ «МКДЦ» «Инсульт кезінде ерте нейрооңалтудың өзекті сұрақтары» кәсіби бағдарламасының жетекшісі, Казань қ. Ресей.
Камаева Ольга Викторовна, академик Павлов атындағы Санкт-Петербург медициналық университетінің жүйке аурулары кафедрасының доценті, Санкт Петербург қ., Ресей.
Насонова Татьяна Ивановна, медицина ғылымдарының докторы, П.Л. Шупик атындағы Украинаның денсаулық сақтау №1 Ұлттық университетінің неврология кафедрасының меңгерушісі, Киев қ., Украина.
Курбатов Сергей Александрович, медицина ғылымдарының кандидаты, Н.Н.Бурденко атындағы ВММУ ЭБМ ҒЗИ жоғары ғылыми қызметкері, генетик-дәрігер, невролог, нейрофизиолог, Воронеж ООО «Семантик Хаб», МО «Здоровый ребенок», Воронеж, Ресей.
Девликамова Фарида Ильдусовна, медицина ғылымдарының докторы, Ресей Денсаулық сақтау министрлігінің РМҚПО ФГБОУ ДПО филиалы-Қазан мемлекеттік медицина академиясының неврология кафедрасының профессоры, Татарстан Республикасының еңбек сіңірген дәрігері.

 

Конференция бағдарламасын қоса берілген сілтеме бойынша көруге болады: сілтеме

03.11.2022, 11:08
752 қаралым