ҚР Республика күні мерекесіне орай волейболдан жарыс

Фармация факультеті «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» БББ мамандығының 2,3,4-курс студенттері қатысқан «25-қазан ҚР Республика күні» мерекесіне орай «Инженерлік пәндер» кафедрасы ұйымдастырған волейболдан жарысқа 48 студент қатысты. Жалпы «Alash, Besik, Bori-Bayraq, NaSa, MSQ, Барыс, Арман» атты 7 команда жарысқа қатысты. Жарыс бойынша І, ІІ, ІІІ – орын дәрежелеріне арнайы сыйлық берілді. І – орын дәрежесін Барыс командасы, ІІ – орын дәрежесін NaSa командасы және ІІІ – орын дәрежесін Besik командасы иеленді. Ең үздік ойыншы номинациясымен В-ФӨТҚА-01-22 тобы студенті Балтабай С.Е. марапатталды. Ең үздік шабуылшы номинациясымен В-ФӨТҚА-03-21 тобы студенті Мұсабек А.С. марапатталды. Ең үздік қабылдаушы номинациясымен В-ФӨТҚ-06-21 тобы студенті Садуллаев А.Д. марапатталды. Орын иеленбеген 4 командаға сертификат және приз берілді. Іс-шараны ұйымдастыруға атсалысқаны үшін В-ФӨТҚБ-02-21 тобы студенті Дүйсенбай А.Қ., В-ФӨТҚА-02-20 тобы студенті Қазбек А.Қ. және В-ФӨТҚА-01-20 тобы студенті Артықұлы Д. марапатталды.

 

Аға тәлімгер: Мүсірепова А.А.
Кафедра меңгерушісі: Орымбетова Г.Э.

06.11.2023, 13:23
262 қаралым