«ҚР 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат» тұжырымдамасы талқыланды

2021 жылдың 28 қазан күні ОҚМА Үлкен мәжіліс залында Сыбайлас жеқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті мен Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасының ұйымдастыруымен «ҚР 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат» тұжырымдамасы жобасын талқылау мақсатында кездесуі өтті. Аталған іс-шараға Сыбайлас жеқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департамент басшысының бірінші орынбасары Т.Ә.Серікбаев, ОҚМА бірінші проректоры М.Есіркепов, Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасының басшысы Е.Сәлім, Шымкент Адалдық алаңы кеңсесінің басшысы Ж.Қамбар, Шымкент қаласы ЖОО-дары проректорлары мен орта арнаулы оқу орындары директор орынбасарлары, БАҚ өкілдері және академия оқытушылары қатысты.

Іс-шараның модераторы Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасының басшысы Е.Сәлім іс-шараның маңыздылығын атап өтіп, алғашқы сөзді ОҚМА Бірінші проректоры М.Есіркеповке берді.

ОҚМА бірінші проректоры М.Есіркепов академиядағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша баяндама оқыды.
Сөз кезегін алған Сыбайлас жеқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департамент басшысының бірінші орынбасары Т.Ә.Серікбаев заңнамалық өзгерістер мен жемқорлықпен күрестегі жаңа тәсілдеріне, Концепцияның құрылымы мен негізгі бағыттарына тоқталды.
Шымкент Адалдық алаңы жобалық кеңсесінің басшысы Ж.Қамбар «ҚР 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат» тұжырымдамасымен қатысушыларды таныстырып өтті.

Жобаны талқылауда академия оқытушылары, қонақ болып келген ЖОО-дары проректорлары белсене қатысты. Атап айтқанда М.Әуезов атындағы ОҚУ-нің проректоры Р.Д.Абишева мен факультет деканы Қ.Р.Сарыкузов, ОҚМА басқарма басшысы Е.Сәлім тұжырымдамаға жақсы ұсыныстар айтты.

Қорытынды сөзді алған Т.Ә.Серікбаев іс-шараның жоғарғы деңгейде өткенін атап өтіп. ОҚМА басшылығы мен ұйымдастырушыларғы департамент тарапынан алғысын білдірді.

29.10.2021, 22:21
925 қаралым